Айта кетсек, жоғары аталған баптардың әрқайсысы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осылайша үкімдерді ішінара қосу арқылы Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.
Оған қоса Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылындағы ағаш үй мен монша түріндегі мүлкін және сотталушы отбасымен тұрған Алматы қаласындағы үйді жөндеуге жұмсалған 16 миллион теңгені тәркілеу жөнінде шешім қабылданды.
Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабына сәйкес полиция генерал-майоры арнаулы атағынан және Мемлекеттік награда – II дәрежелі «Айбын» орденінен де айырылады.
Айта кететіні, Нұрлан Мәсімов жоғарыда көрсетілген баптар бойынша қылмыс жасағанын мойындаудан бас тартты. Ол шекарадан заңсыз өткен кінәсін ғана мойындап, айыптаушы тарап істі оның «тегіне байланысты» қозғағанын алға тартты.