05 Маусым, 2010

ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ МАҢЫЗЫ

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Қайрат Ищанов бастаған Сенат депутаттары Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының өкілі – Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Давид Оуэнмен кездесті. Әлемдік қаржы дағдарысын еңсерудегі Халықаралық валюта қорының белсенді рөлін атап өте келіп, Қ.Ищанов Қазақстан мен осы халықаралық құрылымның өзара іс-қимылының маңызына тоқталды. Қазақстан экономикасы алдында тұрған мәселелерді заңна­малық тұрғыда қамтамасыз ету жайына қатысты Қ.Ищанов қаржы-несие және валюта саясатын жетіл­діру шаралары мен биылғы жыл­дың бюджет көрсеткіштерін нақ­тылау жөнінде айтты. Д.Оуэннің айтуынша, “эконо­ми­каның тұтастай және жекелеген салаларын” жүйелі және жедел түрде “мемлекеттің қолдауы Қазақ­стан Үкіметіне басқа елдердің эко­номикасы тап болған күрделі мә­селелерді жылдам шешуге мүмкін­дік берді”. Кездесуге қатысушылар Халық­аралық валюта қорының техни­калық көмек беру мен оқы­туға қа­тысты жұмыстары туралы мәселе­лерді де талқылады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025