Экология • 14 Тамыз, 2023

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 14 тамыз, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе қаласында, сондай-ақ түнде Атырауда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.