Фото: Aikyn.kz
Лондонда тұратын журналист Ғалымжан Қараманұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға бірге қыдырып келген ұлы Алмасбектің астаналықтардың орысша сөйлейтініне таңырқап, қынжылғаны туралы жазба жариялады.
«Біз Қазақстандамыз ғой, Ресейде емеспіз. Неге қазақтар орысша сөйлеп жүр? Қазақ тілінде сөйлеуіміз керек», дейді кішкентай Алмасбек.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары балаға риза болып, жеке пікірлерін ортаға салды.