Қоғам • 14 Тамыз, 2023

Қазақстан азаматы шетелде автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда қамауға алынған Қазақстан азаматына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматы шетелде автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған Қазақстан азаматы ол елге қандай себеппен барғанын айтты.

«Оқиға жайлы кеше хабар алдық. Мән-жайын анықтап көрдік. Ол сол елде күйеуімен бірге біраз жылдан бері тұрып келеді, сол жақта кәсібін айналдырып жүрген. Оған этникалық куәлік берілді. Сондықтан ол этникалық кәріс болып саналады», деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бүгінгі брифинг барысында.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда ұсталған Қазақстан Республикасының азаматы 2020 жылдан бері мамандандырылған ауруханада емделіп жүрген. Ол бұл ерсі әрекетті сол дәрі-дәрмектің әсерінен жасауы мүмкін.

«Ол Оңтүстік Кореяда емделіп жүрген. Бірер күнде оған консул барады. Жағдайды бақылауда ұстаймыз», деп түйіндеді спикер.