Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында еліміздің мектептерінде білім алатын 3,9 миллион оқушының ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады.
Қазір Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынып жатыр. Бірінші сыныпқа қабылданушылар Алматы қаласында, Түркістан, Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан, Алматы облыстары көш бастап тұр.
Еске сала кетсек, 2021 жылы бірінші сынып оқушыларының 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған еді.