Қоғам • 15 Тамыз, 2023

Журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

11 тамызда журналист Сандуғаш Дүйсенова қамауға алынғаны туралы белгілі болды. Оған «Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» (147-бап) бабы бойынша айып тағылған еді.

Ал кеше, 14 тамызда Дүйсенова Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевпен қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жеке қабылданды.

Оның дәлелдерін ескере отырып, прокуратура зерттеу үшін қылмыстық істі сұратып алды.

«Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылық бұқаралық ақпарат құралдарында дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда туындайды. Алайда, тергеу органы заңнамада көзделген тергеу мерзімінде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректерді анықтаған жоқ», делінген хабарламада.

Осыған байланысты Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен журналиске қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.