Алты сағат ішінде Вакаяма префектурасындағы Натикацуурда 304,0 мм, ал Киото префектурасындағы Аябэде 190,0 мм жауын-шашын түсті.
Ел ішіндегі әуе, автомобиль және теміржол байланысы бұзылды. Осыған байланысты 650-ге жуық адам Кансай әуежайында түнеуге мәжбүр болды.
Метеорологиялық агенттік Жапонияның шығыс, орталық және батыс бөліктерінде нөсер жаңбыр туралы ескерту жасап, тұрғындарды су тасқыны, көшкін және қатты желге байланысты қырағы болуға шақырды.
Сейсенбі күні Central Japan Railway Co. және West Japan Railway Co. Нагоя мен Шин-Осака станциялары арасында, сондай-ақ Шин-Осака мен Окаяма станциялары арасындағы барлық жоғары жылдамдықты пойыз рейстерін тоқтатты. Ал Japan Airlines Co. және All Nippon Airways Co. 560-тан астам рейсті тоқтатты.