Қоғам • 16 Тамыз, 2023

Астанада жас қыздың сусынына есірткі қосып жіберген ер адам ұсталды

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицияға жас қыз арызданып, сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жас қыздың сусынына есірткі қосып жіберген ер адам ұсталды

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған. Нәтижесінде, кофе ішуге барған қыз зардап шегіп,   ары қарай не болғанын есінде сақтай алмаған.

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.