Мәдениет • 16 Тамыз, 2023

«Әкем 21 жасында-ақ өмірінің соңын болжап кеткендей»– Абыл Табылдыұлы

5041 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen TV» Youtube  арнасына  қазақтың тұңғыш бард әншісі Табылды Досымовтың  ұлы  Абыл Табылдыұлы сұхбат беріп, әкесіне қатысты естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

 

«Әкем 21 жасында-ақ өмірінің соңын болжап кеткендей»– Абыл Табылдыұлы

Абыл Табылдыұлының айтуынша, оның өнерге келуіне әкесі себеп болған. Әкесінің артында қалған мұрасын жаңғыртып, оны насихаттау үшін музыканы таңдаған Абыл болашақтағы жоспарлары жайлы айтты. 

«Әкемнің көзі тірісінде де әндерін орындап, өңдеп сахнаға шыққан кездеріміз болды. Әкеміз өмірден өткеннен кейін «Табылды Досымов» атындағы қоғамдық қор құрылды. Оны Бекжан Қалмағамбетов есімді әкемнің досы басқарады. 13 жылдан бері жыр кештері мен ән кештерін өткізіп келе жатырмыз. Альбомдарын, кітаптарын поэзия кітаптарын жарыққа шығардық. Оның әндерін насихаттау барысында тек Қазақстанда ғана емес, қордың қолдауымен шетелде де  ән кештерін өткіздік. Мысалы, Қытайдағы, Мәскеудегі, Моңғолиядағы қазақтарға арнап ән кештері өткізілді. Осындай кештерді алдағы уақытта да ұйымдастыру жоспарда бар. Биылғы жылдың соңына дейін әкем жазған альбомның тұсаукесері болады. Шықпай қалған жұрт біле бермейтін жеті әнін тыңдарман назарына ұсынатын боламыз», деді Абыл Табылдыұлы. 

Сұхбат барысында Абыл Табылдыұлы сөздің құдіретіне де тоқталып өтті. 

«Әкемнің 21 жасында «Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам» деген әні жарыққа шығып еді.  Шындығында 45 жасында ұйықтап кетіп оянбай қалды. Мүмкін тағдыры шығар, мүмкін сөздің киесі шығар. Мұндай өнер адамының болашақты болжай алуы да заңдылық шығар», деп ойын түйіндеді Абыл.