Әлем • 16 Тамыз, 2023

Гавай аралдарындағы орман өртінен 101 адам көз жұмды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гавай аралдарының билігі Мауи аралындағы орман өрті салдарынан қаза тапқан 101 адамның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап. 

Гавай аралдарындағы орман өртінен 101 адам көз жұмды

Орманның кейбір өртенген жерлері әлі толық сөндірілмеген. 100-ден астам адамның өмірін қиған мұндай өрт АҚШ-та ғасырдан астам уақыт тіркелмеген. 

Қатты желдің салдарынан өрт Лахайна қаласын шарпыған. Қызыл жалын 13 мың тұрғыны бар қаланың барлық ғимаратына тарап үлгерген. Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр.

АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті көз жұмған адамдардың жеке басын анықтау мақсатында патологоанатомдар мен техниктер тобын, сонымен бірге тексеру үстелдерін, рентген аппараттарын және басқа да жабдықтарды жіберді.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025