Ұлттық валютаның нарықта беки түсуі мұнайға белгіленген бағаның өсуіне және бейрезиденттер қаражатының мемлекеттік бағалы қағаздарға әкелінуіне байланысты болған. Тамыз айының басына дейін еліміздің мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттердің салымдары жыл басынан бері 178 млрд теңгеге ұлғайып, 559 млрд теңге болды. Шілде айында ғана еліміздің мемлекеттік борышына жаңа қаражаттың әкелінуі шамамен 100 млрд теңгені құраған.
«Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансфертті қамтамасыз ету аясында сату көлемі 591 млн доллар болған. Осы айда Қаржы министрлігінің болжамына сәйкес, сату көлемі 750 млн доллардан 800 млн долларға дейінгі аралықта болады», дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шілде айында 240 млн долларға валюта сатып алған. Осы айда да сол шамада 200 млн доллардан 250 млн долларға дейін сатып алу күтіліп отыр.
Сонымен қатар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өз активтерінің валюталық үлесін біртіндеп 15%-ға дейін арттыруды көздейтінін, Ұлттық банк қордың ақшасын басқарушы ретінде биржада жыл соңына дейін шамамен 140 млрд теңгеге, оның ішінде тамыз айында 50 млн доллардан 100 млн долларға дейін валюта сатып алуды жоспарлап отырғаны бар.
Квазимемлекеттік компаниялардың валюта сату көлемі өткен айда міндетті сату үлесі 30%-ға дейін төмендегеннен кейін 195 млн долларды құраған.
Отандық сарапшылар теңгенің шамадан тыс нығаюына, әсіресе рубль әлсіреген сайын теңгенің беки түсуіне алаңдап, орталық банкті жанама түрде болса да жағдайға араласуын сұраған еді. Бұған нарықта теңге бағамы бойынша түрлі позицияны ұстанатын қатысушылардың көптігі, теңгенің нығаюы сияқты оның әлсіреуі де бір сала үшін тиімдірек болса, өзгелер үшін тежеуші рөл атқаруы ықтимал. Егер бір кәсіпорын аясында өз өнімін экспортқа шығару қажет болса, онда теңгенің әлсірегені тиімдірек, ал өндірістік жабдық сатып алатын кезде теңгенің нығаюы қолайлы екенін түсіндіріп өтті Ә. Мейірбекқызы.
Бұл ретте Ұлттық банк айырбастау бағамын басқармайтынын ескерсек, айырбастау бағамы инфляциялық таргеттеу тәртібіне байланысты өзгермелі екенін ескерген жөн. Банктің басты мақсаты – баға тұрақтылығында. Ал валюта нарығына қатысты негізгі міндет, әсіресе қиын кезеңдерде де тұрақты әрі тиімді жұмыс істейтінін атап өту керек. Бүгінгі таңда бағам экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс негізінде қалай қалыптасуға тиіс болса, дәл солай қалыптасып отырған көрінеді. Бағамның еркін қалыптасуы айырбастау бағамының бір бағытта немесе өзге бағытта өзгеруі – экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін объективті үдеріс пен экзогендік фактолар.
Сонымен қатар Ұлттық қордағы валюталық активтердің динамикасына тоқталған маман маусымда шамамен 413 млн долларға ұлғайып, шілде соңында 60,2 млрд долларды құраған.
«Қаржы нарығына қатысушылар экономиканың орнықтылығына байланысты биыл рецессияның басталмайтынын болжап отыр. Ал жетекші инвестициялық банктердің экономистері құлдырап жатқан инфляция аясында қыркүйек отырысында Федералды резервтік жүйесі мөлшерлеменің көтерілуін кідіртеді деп күтеді. Өткен айда инвесторларда оптимизм басымырақ болып, ол акциялар мен облигациялардың және алтын нарығының өсуіне әсер етті. Сөйтіп, шілдеде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі шамамен 900 млн долларда қалыптасты. Ал маусым айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 284 млрд теңге аударылып, осы мақсатта ішкі валюта нарығында 591 млн доллар көлеміндегі шетел валютасы біркелкі сатылды. Бұл ретте шілдеде Ұлттық қордың шоттарына валюталық түсім 102 млн долларды құрады», дейді Ә.Молдабекова.
Сонымен қатар ол үшінші тоқсанның басында жаһандық экономиканың өсу барысы баяулап, JPMorgan Global PMI индексі маусымдағы 52,7 индексіне қарсы шілдеде 51,7 болған. Бірінші кезекте баяулау үрдісі өндіріс пен қызмет көрсету секторындағы төмен көрсеткішпен байланыстырылады.
Fitch агенттігінің АҚШ-тың тәуелсіз рейтингінің төмендеуі – нарық қатысушыларының назарында. Бірақ таяу аралықта айтарлықтай әсер ете қоймауы ықтимал. Өткен айда Халықаралық валюта қоры жалпы ішкі өнімнің жаһандық өсу болжамын 2023 жылы 3,5%-дан 2024 жылы 3%-ға дейін төмендеуі әлемдік экономиканың келешегіне өз есебін жаңартты. Жалпы, әлемдік инфляция бойынша болжам 2023 жылы 6,8%-ға дейін және 2024 жылы 5,2%-ға дейін қайта қаралған.
Халықаралық энергетика агенттігі мұнайға әлемдік сұраныстың болжамын күніне 2,2 млн баррельге артып, мұндағы өсімнің 70%-ы Қытай тарапынан сұранысқа тиесілі екенін айтады. Сонымен бірге Сауд Арабиясы мұнай жеткізілімін төмендетеді деп күтіліп отыр, бірақ бұл нәтиже ОПЕК+тен тыс елдерден тасылымдардың ұлғаюымен теңестірілген. Goldman Sachs Brent маркалы мұнай бағасына болжам 2023 жылғы желтоқсанға қарай барреліне 85 доллар және 2024 жылғы сәуірде барреліне 87 доллар деңгейінде қалды.
АҚШ Энергетика министрлігі 2023 жылдың шілдесінен бастап 2024 жылдың соңына дейін қорлар тәулігіне орташа есеппен 0,4 млн баррельге қысқарады деп болжайды. 2023 жылы ведомство Үндістан мен Қытайда мұнай мен сұйық отынды тұтыну көлемі тәулігіне тиісінше 0,8 және 0,3 млн баррельге өседі деп күтіледі.