Фото: drs_kz инстаграм
Қырғыз балуаны Нурболат Адылуулуды, содан кейін Канада балуаны Самуэль Перейраны ұтқан 92 келі салмағындағы Ризабек Айтмұхан жартылай финалда грузиялық Георгий Ромелашвилиді жеңіп, финалға шыққан еді. Ақтық сында ирандық Мохаммадмобин Голомалимиге есе жіберді.
Айта кетсек, Р. Айтмұхан биылғы жылы Алматыда өткен Жазғы спартакиадада еркін күрестен топ жарды, Астанада өткен Азия чемпионатында екінші орын алып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Иорданиядағы әлемдік додада еншілеген бұл күміс медаль - балуандарымыздың алған алғашқы жүлдесі.