Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Абдулрахман әл-Фадлиге ілтипат білдіре отырып, оның сапары екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру маңызды екеніне тоқталды.
«Жиддаға сапарым барысында Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен кездестім. Кездесуде біз екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық пен қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге келдік. Біздің өзара уағдаластықтарымыз қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр және дәйекті түрде орындалып келеді», деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрі Абдулрахман әл-Фадлиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Алматы • Кеше
Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі
Қоғам • Кеше
Қазақстан депутаттары жаңажылдық корпоратив өткізбейді
Парламент • Кеше
Астанада 2,6 мыңнан астам адам қар күреп жатыр
Елорда • Кеше
Қостанай облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Төтенше жағдай • Кеше