Қоғам • 17 Тамыз, 2023

Ерікті мұғалімдер бастамасы

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамның тыныс-тіршілігіне бейжай қарамайтын, бір мұқтаждың кәдесіне жарасақ деген ақеділ ниеттегі педагогтер «Жүректен жүрекке» атты еріктілер қозғалысын құрып, талай игілікті іске ұйытқы болып келеді. Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі жанынан құрылған қозғалыс балалар үйінде бірнеше іс-шара ұйымдастырып, қаланың экологиялық мәселесін реттеуге де белсенді атсалысып жүр.

Ерікті мұғалімдер бастамасы

Бұл қозғалыстың бас­тамаларын аталған оқу орны директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдар Күнтубай мен Назгүл Бұтабаева, Баян Шоқанова, Үміт Тұрсынбекқызы, Да­­на­гүл Чайнусипова, Қа­зына Шөкенова сынды оқы­тушылар ұйым­дасты­рады.

Еріктілер бұған дейін №1 облыстық балалар үйін­де көптеген іс-шара өткізіп, балалар мен мекеме қызметкерлеріне үлкен қуаныш сыйлады. Сондай-ақ қоқыс жинау сияқты акцияларды да өткізіп, азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып жүр. Сонымен қатар саламатты өмір салтын ұстануға шақыратын спорттық волонтерлік жұ­мыстарды белсенді түрде жүргізіп келеді.

Мұғалімдерден құралған «Жүректен жүрекке» ерік­тілер қозғалысының тағы бір ерекшелігі – үй-күйсіз, қаңғыбас жануарларға кө­мек­тесуден де қалыс қалмайды. Күн сайын мың­даған жануар көше кезіп, уақытша ұстау изо­ляторына қамалады. Осы ретте олар көпші­лікті жануарларға жауап­кер­шілікпен қарауға шақырып, қорғансыз тіршілік ие­лерінің қатыгез ортаның құрбанына айналудан құтқарады.

Шәкірт тәрбиелейтін мамандардың осындай игі істері – жастарға өнеге. Қалай дегенмен жақсылық жасап үлгі көр­сеткен бұл қозғалыстың қолға алған жұмысы жалғасады деп сенеміз.

 

Аружан Талапқызы,

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті