Экология • 18 Тамыз, 2023

Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 18 тамыз, жұма күні еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Астана, Атырау және Петропавл қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.