Жастар • 20 Тамыз, 2023

Шетелде оқитын түлектер

705 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шетелдегі танымал оқу орындарына оқуға шақырту алған атыраулық шәкірттер аз емес. Мәселен, биыл мектеп бітірген 18 өренге АҚШ, Германия, Канада, Италия, Мажарстан, Түркия, Чехия, Эстония секілді елдердің таң­даулы университеттері қызығушылық танытты.

Шетелде оқитын түлектер

Сондай түлектің бірі – Асқар Әл­мұхаметов Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебін бітір­ген. Оған әлемнің төрт жоғары оқу ор­нынан оқуға ұсыныс түскен. Қазақ ұланына шақырту жібергендердің қатарында UC Berkeley, Columbia, University of Toronto, Georgia Tech және KAIST университеттері бар.

– Мен компьютерлік ғылым ба­ғы­тын таңдадым. Қазір экономика­ның барлық саласын бұл бағытсыз елестету мүмкін емес. Енді осы салада жоғары білім алуды көздедім. Сол себепті әлемдегі үздік оқу орнының бірі UC Berkeley университетіне оқуға баруға шешім қабылдадым. Өйткені АҚШ-тағы Калифорния штатының Беркли қаласында орналасқан бұл университет компьютер және IT технологиялар, экономика, физика салалары бойынша әлемге әйгілі оқу орнының көш басында тұр, – дейді Асқар.

Ал Полина Вардашко Канаданың Оттава қаласындағы Carleton Univer­sity-нің студенті атанғалы отыр. Бұл – оның көп жылғы арманы.

– Жоғары білім алатын оқу орнын таңдауда жаңылмау қажет. Өйт­кені мықты маман болу үшін бәсе­кеге қабілетті ұстаздары, ғы­лыми-зертханалық орталығы бар уин­верситеттерден дәріс алудың маңызы зор. Осы тұрғыдан айтқанда, Канададағы жоғары білім беру саласына қызығатын едім. Енді жақында осы елдегі танымал университеттің биохимия және биотехнология фа­культетінде білім алуды бастаймын, – деп қуанышын бөлісті Полина.

 

Атырау облысы