Футбол • 20 Тамыз, 2023

Қарсыластары анықталды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Конференция кубогінің плей-офф додасында қай командалардың өзара шеберлік байқа­сатыны белгілі болды.

Қарсыластары анықталды

Жуырда ғана Ирландияның «Дерри Сити» клубын пенальти соғу барысында ұтқан Қостанайдың «Тобылы» енді Пльзеньнің «Викториясымен» кездеседі. Чехиялық клуб – өз елінің алты дүркін чемпионы (2011, 2013, 2015, 2016, 2018, 2022 жылдары). Олар кубок (1971, 2010) пен суперкубокті (2014, 2021) екі реттен олжалады. Кезінде «Виктория» УЕФА Еуропа лигасының плей-оффында өнер көрсеткені жанкүйерлердің есінде. УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу бәсекелерінде сәтсіз ойнаған «Астана» Конференция кубогін­де Албанияның «Партизаниімен» күш сынасады. Тиранада жасақталған команда суперлигада 16 мәрте дара шықты. Ел кубогін 15 рет иеленіп, суперкубокті үш рет еншіледі. 1970 жылы «Партизани» Балкан кубогін иемденді.

«Тобыл» мен «Астана» алғашқы ойындарын 24 тамызда өз алаңдарында өткізеді.