Білім • 21 Тамыз, 2023

Шәкіртақы өседі

328 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 қыр­күйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы өседі.

Шәкіртақы өседі

Инфографиканы жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

2022-2023 оқу жылындағы деректерге сәйкес, елімізде жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі 116 білім беру ұйымы бар. Оның 105-і – магистранттарды, 73-і – докторанттарды, 18-і рези­денттерді даярлайды. Аталған білім беру ұйымдарының 72,4 пайызы – жеке­меншік, 25,9 пайызы – мемлекеттік, 1,7 пайызы – шетелдік меншікте. Ел бойын­ша 578,2 мың студент бар. Олардың 213,4 мыңы немесе 36,9 пайызы мемлекет бөлген грантпен оқиды. Ал магис­транттар саны – 35,7 мың, докторанттар саны – 6,2 мың. Магистранттардың 19,1 мыңы немесе 53,7 пайызы мемлекет тапсырысымен даярланып жатыр.

Жыл сайын гранттар саны кемінде бес мыңға артып отырады. 2023-2024 оқу жылына 88 мың білім гранты бөлінген. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, грант­тардың көбі – 18 744 грант «ин­женер­лік өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарламаларына беріл­ген. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-комму­ника­ция­лық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына 7 388 грант бөлінген. Жалпы, мемлекет тарапынан 73 мыңнан астам бакалавр, 13 мыңнан астам магистр, 1800-ден астам докторонт даярлауға тапсырыс берілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл бакалавр дәрежесіндегі студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақы­сы 15 пайызға, техникалық және кәсіп­тік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға дейін өседі.

Соған сәйкес педагогикалық да­йын­­дық бағыттары мен «Денсаулық сақ­тау» бағыты бойынша оқитын сту­дент­терді қоспағанда, жоғары оқу орын­­да­рында оқитын студенттердің шә­кірт­ақысы 36 660 теңгеден 41 898 тең­геге, жоғары оқу орындарында педа­­го­гикалық және «Денсаулық сақ­тау» ба­ғыт­тары бо­йынша оқитын сту­­дент­тердікі 58 800 тең­­геден 67 200 теңгеге, интерндердің шәкір­тақысы 66 403 теңгеден 75 890 тең­геге, магистранттардыкі 86 987 теңгеден 97 024 теңгеге, Назар­баев университетінде оқитын магистрант­тардың шәкірт­ақысы 162 500 теңгеден 181 250 теңгеге, док­торанттардың шәкірт­ақысы 195 000 теңгеден 217 500 теңгеге, «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігер­лер мен магистранттардың шәкіртақсы 100 036 теңгеден 111 579 теңгеге өседі.

Ал Жоғарғы сот жанындағы мемле­кеттік органдардан оқуға жібе­рілген сот төрелігі академиясының магистрант­тарының шәкіртақысы кейін­гі жұмыс орнындағы жалақы деңге­йінде, бірақ мемлекеттік білім беру тап­сырысы бойынша оқитын магистрант­тар үшін белгіленген мемле­кеттік стипендиядан төмен емес мөл­шерде төленеді.

Техникалық және кәсіптік білім бе­ру ұйымдарында жұмысшы біліктілігі бо­йынша оқитын студенттердің шәкірт­ақысы 21 787 теңгеден 32 681 тең­геге, техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көз­дей­тін), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студент­тердің шәкіртақсы 20 948 теңгеден 31 422 теңгеге көтеріледі.

Бұл өзгерістер 1 қыркүйектен бастап заңды күшіне енеді.