Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ғимараттардың қасбетінен дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Елорда тұрғындарының көзқарасынша, қаланың сырт келбетін реттеу өте маңызды, себебі бұл іс-шаралар Астананы құлпыртады әрі заманауи етеді.
Айта кетелік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн кодын түсіндіру және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді. Кәсіпкерлермен тиісті әңгімелер жүргізіледі, дизайн кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.
Еске салайық, осы жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған еді.