Футбол • 21 Тамыз, 2023

Бәсекелер тартысты өтті

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20 турының тағы төрт ойынын тамашаладық. Бұл бәсекелер Талдықорған, Астана, Астана және Шымкентте өтті.

Бәсекелер тартысты өтті

«Жетісу» көш соңында келе жатқан «Мақта­арал­дан» 0:1 есебімен ұтылды. Бұл матчтың тағ­дырын 79 минутта Асхат Балтабеков соқ­қан автогол шешті. «Астана» өз алаңында «Қай­сар­ды» жеңе алмады. 68 минутта Тимур Досмағамбетов есеп ашқанымен, арада тура 20 минут өткенде Дмитрий Бородин 11 метрлік нүкте­ден нысананы дәл көздеп, таразы басын теңестірді – 1:1. «Ақтөбе» мен «Тобыл» арасын­дағы кездесу де дәл сондай есеппен аяқталды. 40 минутта Рамазан Оразов қостанайлықтарды алға шығарса, 66 минутта Андрия Филипович мергендік танытты. «Ордабасы» мен «Қайрат» бәсекенің басынан аяғына дейін тіресті. Негізгі уақытқа төреші сегіз минут қосты. Кездесудің соңғы секундтарында Бернардо Матич шымкенттіктерге жеңіс сыйлады – 1:0.

Жарыс кестесінде «Ордабасы» көш бас­тап келеді. Олар 19 кездесуден кейін 48 ұпай жиды. 40 ұпайдан еншілеген «Ақтөбе» мен «Астана» екінші және үшінші орындарды өзара бөлісуде. Көш соңында – «Каспий». Ақтаулықтар 14 ұпайды қанағат тұтып отыр.