Тағайындау • 22 Тамыз, 2023

Ұлытау облысының прокуроры тағайындалды

1146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент келісімі негізінде Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жасұлан Бекмырзаұлы Еламанов Ұлытау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысының прокуроры тағайындалды

Фото: ҚР Бас прокуратурасы телеграм арнасы

Ол 1977 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымда қызмет етті.  

Алматы қаласы прокуратурасында Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болған.

Жасұлан Еламанов Алматы облысы Ескелді ауданының прокуроры, Жамбыл облысы Қордай ауданының, Тараз қаласының прокуроры, Қызылорда облысы прокурорының және Бас көлік прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Аталған жаңа лауазымға дейін Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.