Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао деревнясына бірге барды.
Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.
Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді.
Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.
Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 1980-жылдары Ыстанбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.
2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.
Қазақстан мен Вьетнам президенттері керамика бұйымдарын шығаратын деревняға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұқар жырау ауданы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
Қызылорда қаласында 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды
Аймақтар • Бүгін, 18:13
Көкшетауда екі студенттен вейп өнімдері тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматы облысы көлік инфрақұрылымын нығайтып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 17:25
Айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:15