Бизнес • 23 Тамыз, 2023

Биыл жастарға жеңілдікпен 29 млрд теңге шағын несие беріледі

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастарға жеңілдікпен шағын несие беру бағдарламасы бойынша  5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, 3344 жоба мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл жастарға жеңілдікпен 29 млрд теңге шағын несие беріледі

Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылған. 10 тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, 3 344 жоба мақұлданды. 2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге несие берілді. Қалған жобалар қаржыландырылу үстінде.

Ведомствоның мәліметінше, несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.

Айта кетейік, несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі.

Жалпы 2023 жылы 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.