Ауа райы • 23 Тамыз, 2023

24-26 тамызға арналған ауа райы болжамы

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

24-26 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның төмендеуі және қатты жаңбыр күтіледі.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағай мен қатты жел болады және жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да мүмкін.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжануда. Ауа температурасының ең жоғары төмендеуі республиканың солтүстік өңірлерінде күтіледі, солтүстіктегі ауа температурасы түнгі уақытта 7-12 жылыға дейін, күндіз 17-22 жылыға дейін төмендейді.

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді және ауа райы негізінен жауын шашынсыз болады деп болжанып отыр.