Әлем • 23 Тамыз, 2023

Түркияда орман өрті бірнеше ауылды шарпыды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында орман өрті үйлерді шарпып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап. 

Түркияда орман өрті бірнеше ауылды шарпыды

Фото: Sergen Sezgin / Anadolu Agency via Getty

Биліктің хабарлауынша, аймаққа сегіз ұшақ, 26 тікұшақ, 180 су тасушы машина және 1100-ге жуық өрт сөндіруші жіберілген. 

Ал осы елдің көлік министрлігінің мәлімдеуінше, лапылдаған жалынға байланысты Еуропа мен Азия арасындағы тарихи сауда жолы саналатын Дарданнеллы бұғазы уақытша жабылды. Сондықтан Эгей теңізі мен Мәрмәр теңіздері арасында кемелер қатынасы тоқтаған.