Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың мәйіті табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар бар», делінген хабарламада.
Осы ретте ведомство қызметкерлері рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын ескертті.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында болған қайғылы оқиға туралы ақпарат дүйсенбі күні түнде жария болды. Отырар ауданындағы Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен тараған 4 отбасы мүшелерінің демалысы қайғымен аяқталды. Демалуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен.