Аталған жарысқа 33 мемлекеттен келген 150-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайтын дүбірлі додада үстел теннисінің көптеген жұлдыздары өнер көрсетеді. Солардың қатарында Олимпия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері, Әлем кубогінің иегері германиялық Дмитрий Овчаров пен «WTT Contender» турнирлерінің жеңімпазы Рувен Филус, әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері швециялық Трулс Морегард пен ұлыбританиялық Лиам Питчфорд, Еуропа ойындарының қола жүлдегері, франциялық Алексис Лебрун, құрлық біріншіліктерінің жеңімпазы нигериялық Квадри Аруна, португалиялық Маркус Фрейтас, румыниялық Бернадетт Сёч пен Элизабет Самара және тағы басқа саңлақтар бар.