Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Сенаторлар егіс алқаптарына арнайы барып, ағымдағы жұмысқа, шаруалардың жағдайына назар аударды. Одан бөлек, депутаттар аудан орталығында салынып жатқан 3 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сапар барысында сенаторлар сүт фермасына, картоп өсіру және жартылай фабрикаттар өндірісіне барды. Аудан тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, Сенаттың қызметі мен Парламентте қабылданған заңдар туралы айтып өтті.
Сонымен қатар депутаттар Қаратөбе ауданына барды. Сенаторлар ауданның Ханкөл ауылында салынып жатқан 60 орындық мектептің құрылысымен танысты. Сондай-ақ Қоскөл ауылында жөнделіп жатқан кіреберіс жолдың сапасына және Шалғын ауылындағы су құбырларын жөндеу барысына назар аударды.