Білім • 24 Тамыз, 2023

Астанада 200-ден астам педагог шетелде тағылымдамадан өтті

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елордада 3 754 педагог пен 42 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада 200-ден астам педагог шетелде тағылымдамадан өтті

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдіктің мәліметінше,  биыл тек қаңтар-тамыз аралығында 3 754 педагог пен 42 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өткен. 

«Мың көшбасшы» республикалық кадр резервіне елорданың 20 мектеп директорының орынбасары еніп отыр. Сонымен қатар өткен оқу жылында 30 мектеп директорының орынбасары қатарынан кадрлық резерв қалыптастырылған. Олар қазан, қараша айларында MBI бағдарламасы бойынша оқытылады.

Жыл бойы елорданың 200-ден астам мектеп басшысы мен педагогтері Сингапур, Жапония, Грузия, Финляндия мемлекеттерінің оқу орындарында халықаралық тәжірибе алмасып, тиімді әрі қолайлы компоненттерді мектептердің оқу-тәрбие процесімен сабақтастыру мақсатында тағылымдамадан өтті. Бұл тәжірибе жаңа оқу жылында да жалғасын табады.