51 кило салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жұдырықтасады. Ол – әлемнің екі дүркін чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Азия чемпионы. 54 кило салмақта Жайна Шекербекова күш сынсады. Жайна әлем чемпионатында үш рет жеңіс тұғырына көтерілген, құрлық біріншілігінде екі рет топ жарды. 57 кило салмақ дәрежесінде дүниежүзілік додада 1 күміс және қола медаль алған Карина Ибрагимова шеберлік байқасады. 60 кило салмақта Рима Волосенко ел намысын қорғаса, 66 кило салмақта жастар буынының өкілі Наталия Богдановаға сенім артылды. Ал 73 кило салмақта Валентина Хальзованың өнерін тамашалаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Жакартада өткен Азия ойындарында еліміздің спортшылары 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль иеленіп, жалпы-командалық есепте 9-орынды еншіледі.