Тамыз кеңесінде Тамара Дүйсенова оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты пікір білдірді.
«Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтер қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет етіледі. Министрліктің шешімі дұрыс болды деп санаймын. Бірақ, асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін», деді ол.
Оның айтуынша, 36 апталық оқу ұзақтығына оралу мәселесін 2025 жылдан бастап қайта пысықтау керек.