Білім • 25 Тамыз, 2023

Мектептердің 90%-ы ішкі істер жедел басқару орталықтарына қосылған

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Мектептердің 90%-ы ішкі істер жедел басқару орталықтарына қосылған

Фото: Оқу-ағарту министрлігі. Инстаграм

Айта кетсек, Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірлеген. Ұлттық мониторинг - балалардың әл-ауқатының индексі енгізіліп отыр. Мектептердің психологиялық тұрғыдағы қызметтерінің автоматтандырылған жүйесін іске қосу жоспарлануда.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының 90%-ы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған, лицензиясы бар күзетшілермен қамтамасыз етілген, дабыл түймелері орнатылған. Бұл жұмысты 100 пайызға жеткізу керек», деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ арнайы мектеп автобустарының паркі жаңартылып жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде 27 мың баланы тасымалдау үшін 515 көлік сатып алынған.