Қоғам • 25 Тамыз, 2023

«Зерек 2» жүйесі жылдамдықты асырған жүргізушілерді тіркей бастады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында Ішкі істер министрлігі автомобиль жолдары комитетімен және ҚазАвтожолмен бірлесіп белгіленген жылдамдық режимінен асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске асырды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Зерек 2» жүйесі жылдамдықты асырған жүргізушілерді тіркей бастады

фото: ашық дереккөз

«Зерек 2» бағдарламалық  аппараттық кешені әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған. Яғни, нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады.

Осы күндері «Зерек 2» кешені Шымкент -Қызылорда  Шымкент -Өзбекстан шекарасы, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған, Астана-Павлодар автожолдарында жұмыс атқаруға дайын.

«Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау-Астана тас жолында бұрын іске қосылып, жолдағы құқық бұзушылықты тіркеу ісінде жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Осы жылдың жеті айында 7 мыңға жуық жолкөлік оқиғасы тіркелген. Одан 1200-ге жуық адам қаза болып, 8500-ге жуық адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Оның ішінде жылдамдық режимін сақтамау салдарынан қала сыртындағы трассаларда  730 оқиға тіркеліп, 300-ден аса адам қаза болған, 1200-ден аса адам зардап шеккен», деді Ақтоты Боранова.

25 тамыздан бастап жоғарыда аталған автомобиль жолдарында «Зерек 2» кешендері штаттық режимде жұмыс істейтін болады.