Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рашид Аюповты ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы өзгертулерімен 177-бап (алаяқтық), 4-бөлімі, б тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы үкім шығарды. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
«Рашид Аюпов ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы өзгертулерімен 312 бабы, 5-бөлігі (пара беру) және 28-баптың 4-бөлігі осы бап бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы өзгертулерімен 41-бап, 3-бөлігі негізінде жеті жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалсын», деді судья Қажымұхан Мекемтас.
Сондай-ақ Рашид Аюповтан 1911 теңге сомасында іс жүргізу шығыны, оған қоса сыбайлас жемқорлық қылмыстар нәтижесінде алынған 422 млн 800 мың теңге мемлекет кірісіне өндірілді.