Жәрмеңкенің ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Талғат Мұханов және Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ұйымдастырушыларға ыстық ықыласын білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал қазылар алқасы шеберлердің өнерін жіті бақылап, үздік деп танылған қатысушыларды анықтады. Сөйтіп, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Женнет Гарлиева мен (Түрікменстан), Абдулла Наурызбаев (Шымкент қаласы) лайық деп танылды. Салих Гиргич (Түркия) пен Айжан Абдубайтова (Алматы) жүлделі I орынды, Болат Атыраубаев (Ақтөбе облысы) пен Бибажар Симова (Шымкент қаласы), Нұржамал Айдос (Алматы қаласы) және Икрамжан Рафиков (Шымкент қаласы) жүлделі II орынды, Сұлтан Тілек (Алматы облысы), Мадина Ахметова (Шымкент қаласы), Мереке Айдарша (Түркістан облысы) мен Әбдірейм Сұлтанғали (Түркістан облысы) жүлделі III орынды иеленді. Ал үздік деп танылған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысынан және Өзбекстан, Қырғызстаннан келген қатысушыларға «Тұран зергері» аталымы, жеңімпаздарға сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ қонақтар мен қатысушыларға тарихи-мәдени орындарға экскурсия ұйымдастырылды.
Түркістан облысы