Спорт • 28 Тамыз, 2023

Алматыда қол күрес спортынан әлем чемпионаты басталды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі бүгін Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде қол күресінен ересектер, кадеттер, жастар мен жасөспірімдер арасында 44-ші әлем чемпионаты басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда қол күрес спортынан әлем чемпионаты басталды

Фото: drs_kz инстаграм

Әлем чемпионатының ашылу рәсіміне Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Әлішер Аймұхамбетов арнайы келіп қатысты.

«Мұндай беделді жарыстар біздің елімізде қол күресті насихаттауға күшті серпін беретіні сөзсіз. Қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген жетістіктері өскелең ұрпақты спортпен айналысуға, үлкен мақсаттар қоюға, оған қол жеткізуге шабыттандырады. Барлығыңызға сәттілік тілеймін», деді Әлішер Аймұхамбетов.

Әлемнің 50 елінен әр түрлі салмақтағы 1000-нан астам қол күрес шеберлері жиналған байрақты бәсекеде еліміздің намысын 178 спортшы қорғайды.

Мәдениет және спорт министрлігі, гір спорты және қол күрес федерациясының қолдауымен өтіп жатқан чемпионат 3 қыркүйекке дейін жалғасады.