Ауа райы • 29 Тамыз, 2023

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» өңірлерде 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Фото: jambylinfo.kz

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау обылысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Жетісу облысынының солтүстік-шығысында, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.