Спорт • 29 Тамыз, 2023

ЕҰУ студенті пауерлифтингтен әлем чемпионы атанды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пауэрлифтингтен Румынияның Клуж-Напок қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Нинель Аблаева жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

ЕҰУ студенті пауерлифтингтен әлем чемпионы атанды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі. Телеграм.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салған Нинель Аблаева - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2 курс студенті. Ол 57 келі салмақ дәрежесінде үздік деп танылып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын сәтті қорғады. Ол үш жаттығуда 400 келіні еркін бағындырып, өз салмақ дәрежесінде ең жақсы нәтиже көрсетті: отырып көтеру – 155 кг, сығымдап көтеру – 82,5 кг, жұлқа көтеру – 162,5 кг және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын қорғады.

Пауэрлифтинг спортымен екі жылдан бері айналысатын Н.Аблаева былтырғы жылы өткен чемпионатта екі алтын медаль жеңіп алған еді.

Бұған дейін ЕҰУ студенті төрт жыл қоян-қолтық ұрыс бойынша еліміздің намысын талай жарыстарда табысты қорғаған. Ол спорттың бұл түрі бойынша әлемнің күміс жүлдегері және Азия чемпионы, спорт шебері атағына ие. Сондай-ақ қоян-қолтық жекпе-жектен спорт шеберлігіне кандидат.

Айта кетсек, аталған әлем чемпионатына 55 елден 600-ден астам 14 жас пен 23 жас аралығындағы 600-ден астам спортшы қатысуда.