ФОТО: prosports.kz
Алғашқы айналымда жерлесіміз дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюктен 6:2, 6:1 есебімен басым түсті.
Бірінші партияда Рыбакина 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Костюк есепті қысқартты, алайда біздің спортшы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1.
Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 127-ракеткасы аустралиялық Айла Томляновичпен бәсекелеседі.
Ал еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик, өкінішке қарай, аустриялық Доминик Тимнен 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңіліп қалды. Тимофей Скатов пен Юлия Путинцева АҚШ уақытымен кеше кешкісін ойнады.