Спорт • 29 Тамыз, 2023

Алдына жан салмады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден өтіп жатқан әлем чемпионатында біздің мергендер тағы 2 медаль жеңіп алды.

Алдына жан салмады

Бұл жолы Александра Сәдуақасова ал­тынға қол жеткізсе, Зухра Ирназарова кү­міс­ті қанағат тұтты.

Ауыспалы ритммен 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Зухра мен Александра финалда негізгі кезеңде 378 ұпаймен тең түсті. Қосымша сында Александра мергендік танытып (19:13), чемпион атанды.

Газетіміздің өткен санында Зухра жеңім­паз, Александра екінші орыннан көрінгенін хабарлаған едік.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы нысана көздеуден әлем біріншілігінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы есепте 9-орынға көтерілді.