Спорт • 29 Тамыз, 2023

Әлемдік додадан – 116 медаль

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында қол күресінен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әлемдік додадан – 116 медаль

44-рет ұйымдастырылып отырған жа­рыстың алғашқы күндері кадеттер, жас­өспі­рімдер, жастар арасында бақ сынаған отан­дастарымыз 58 алтын, 38 күміс, 20 қола медальді қанжығаға байлады.

Атап айтсақ, кадеттер арасында еліміз 16 алтын, 14 күміс, 7 қола жүлдені жеңді. Ал жасөспірімдер арасында 26 алтын, 9 күміс, 8 қола, сондай-ақ жастар арасында 16 алтын, 15 күміс, 5 қола медаль иеленді.

Жаһан жарысына 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысуға ниет білдірген. Ел намысын 256 атлет қорғап жатыр. Байрақты бәсеке 3 қыркүйекке дейін жалғасады.