44-рет ұйымдастырылып отырған жарыстың алғашқы күндері кадеттер, жасөспірімдер, жастар арасында бақ сынаған отандастарымыз 58 алтын, 38 күміс, 20 қола медальді қанжығаға байлады.
Атап айтсақ, кадеттер арасында еліміз 16 алтын, 14 күміс, 7 қола жүлдені жеңді. Ал жасөспірімдер арасында 26 алтын, 9 күміс, 8 қола, сондай-ақ жастар арасында 16 алтын, 15 күміс, 5 қола медаль иеленді.
Жаһан жарысына 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысуға ниет білдірген. Ел намысын 256 атлет қорғап жатыр. Байрақты бәсеке 3 қыркүйекке дейін жалғасады.