Футбол • 29 Тамыз, 2023

Еуропада доп тебеді

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдың «Тобылы» мен ел құра­масының намысын қорғайтын Рамазан Оразов Словенияның «Копер» командасына ауысатын болды.

Еуропада доп тебеді

Футболшының трансферлік құны 500 мың еуроны құрайды. «Бұл трансферге өте қуаныштымын. Рамазан – деңгейі айтарлықтай жоғары ойыншы. Еропада доп тебу оның өзіне ғана емес, ел құрамасына да аса пайдалы болмақ», дейді отандық футболдың ардагері Юсуп Шадиев.

 Р.Оразовтың келісімшарты екі жылға есеп­телген және тағы бір жылға ұзарту мүм­кіндігі қарастырылған.