Аймақтар • 30 Тамыз, 2023

Конституцияға арналды

154 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Облыс орталығында Конституция күніне арналған «Ата Заңым – айбыным!» атты іс-шара ұйымдастырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Түркістанның 5 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды.

Конституцияға арналды

«Біз, бүгін мызғымас бір­лік пен заң үстемдігінің ар­қа­сында елімізді дамытып, қа­­сиет­ті қаламызды түлете біл­дік. Былтыр еліміздің Ата За­ңына өзгерістер енгізу жө­нін­де жалпыхалықтық референдум өтті. Аса маңызды шешім қабылданып, 30-дан астам заң баптарына өзгерту мен то­лық­ты­ру енгізілді. Нәти­же­сінде, халықтың тікелей қаты­суы­мен маңызды сайлаулар өтті. Жаңа басқару жүйесіне сәйкес Пар­ла­менттің ықпалы арта түсті. Конституцияға жер мен жер астындағы байлық халыққа тие­сілі екені анық жазылды. Осы арқылы Жаңа Қазақстанға тың бетбұрыс басталды. Өзде­ріңіз­ге мәлім, осыдан 5 жыл бұрын облысымыз құрылып, Түр­кістан қаласы облыс орта­лы­ғы ретінде қалыптасты. Ай­тар­­­лықтай жетістікке жетті. Түркі жұртының рухани аста­насы Түркістанымызда күн санап түрлі нысан бой көте­ріп, республикалық және халық­ара­лық деңгейде іс-шаралар өтетін орталыққа айналды», деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ өңір басшысы биыл Түркістан қаласында Түр­кі елдерінің туризм ми­нистр­­лерінің басқосуы жоспар­лан­ғанын атап өтті. Қазіргі таң­да шет елдерден және еліміздің аймақтарынан келетін туристердің саны өскеніне назар аударды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде ауқымды жобалар қолға алынды. Осы маңызды істерді атқаруға үлес қосып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Бұның бәрі – елдің бірлігі мен ерен еңбегінің, тұрақтылыққа тұғыр болған Ата Заңымыздың арқа­сын­да қол жеткізген табыстар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конс­ти­туциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін», деді Д.Сатыбалды.

Облыс әкімі биыл 7 айда өңірге 500 мыңға жуық турист пен зиярат етуші келгенін атап өтті. Туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында қаладағы халықаралық әуежайдың рейс­тер санын ұлғайту бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан былтыр Ыстанбұл және Кувейт ба­ғы­тына тікелей рейстер ашыл­ды. Қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласына тікелей рейстің ашылуы жоспарланып отыр. «Сонымен қатар Мәскеу, Анталья, Тбилиси, Самарқанд қалаларына рейстер ашуға Үкіметке ұсыныс енгіздік. Ішкі бағытта Астана мен Алматыға рейстердің саны көбейтілді. Бұдан бөлек, Президент тапсырмасымен «Жеті жарғы» заңдар жинағы әзірленген Түркістанға қазіргі таңда ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы талқыланып жатыр», деді облыс әкімі.

Салтанатты іс-шарада облыс басшысы білім, денсаулық, төтенше жағдай, өрт сөндіру, құқық қорғау саласында еңбек сіңірген, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттап, облыс әкімінің грамотасы мен алғысхатын тапсырды. Сонымен қатар өңір басшысы Түркістан облысының 5 жылдығы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен сәуір-тамыз айлары аралығында аудан, қалалық өнер шеберлерінің қатысуымен өткен облыстық «Өнерлі өлке» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады.

Салтанатты іс-шарада мем­ле­кеттік қызметке жаңадан қа­­былданған мамандар ант берді. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, об­лыс­тық басқарма басшылары, құ­қық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер алқасы мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, студент жастар, БАҚ өкілдерінен құралған 1000-ға жуық азамат қатысты. Бұл күні облыстың өнер ұжымдары мен әншілері концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндерді шырқады. «Қазақстан дауысы балалар» жобасының финалисі Байзақ Еңліктен бөлек қазақ эстрадасының майталмандары «Музарт» тобы өнер көрсетіп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.