Университет • 31 Тамыз, 2023

Азаматтық авиация академиясына оқуға түсушілер саны екі есе өскен

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Азаматтық авиация академиясына 750 адам оқуға түсті, оның ішінде 498-і грантқа ие болды, деп жазады Egemen.kz.

Азаматтық авиация академиясына оқуға түсушілер саны екі есе өскен

Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйене салыстырып кетсек, өткен жылы Академия 338 үміткерді қабылдап, оның 185-і грант иегерлері болса, биыл жалпы университет тілек білдірушілерден 3000-нан астам өтініш қабылдаған, солайша жалпы конкурс бір орынға 4 адамды құрады. Ұшқыш мамандығына іріктеудің жоғары критерийлеріне қарамастан, конкурс бір орынға 7,5 адамды құраған. Биыл техникалық мамандықтарға қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауы ерекше. Жалпы алғанда, Академияға қабылдау 14 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.

Осы жылы университетте білім алғысы келетін шетел азаматтарынан 26 адам 1-курс студенті атанды. Олардың ішінде Нигериядан 8 адам инженерлік мамандықтарға түскен. Сондай-ақ студенттердің арасында Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей азаматтары да бар.

«Білім сапасын арттыру, авиация саласымен белсенді өзара әрекеттесу, нарық қажеттіліктерін талдау, авиациялық кәсіпорындардың мамандарға қойылатын талаптарын зерделеу және оқу үдерісіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Азаматтық авиация академиясы Еуропалық Одақтың EASA PART-FCL авиациялық қауіпсіздік агенттігінің 2025 жылы өтуі тиіс сертификаттауына дайындық үстінде. Сертификат алу халықаралық деңгейде мойындалған стандарттарға сәйкес келетін авиациялық білім беру қызметтерін экспорттау мүмкіндігін ашады», деді Азаматтық авиация академиясының ректоры Б.Сейдахметов.