Фото: gov.kz
Шаруа қожалық иелері, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары бірлесіп, мүгедектігі бар жанға 4 бөлмелі баспана сыйға тарқан. Көпшіліктің көмегімен күрделі жөндеуден өткен тұрғын үйге жылу жүйесі және ауыз су тартылған.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, облыста бірнеше жылдан бері халқымыздың асар дәстүрі қайта жаңғырып, осы күндері аймақтық «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы тұрғын үй салу, баспананы күрделі немесе ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүруде. Осы тұрғыда 2020-2022 жылдар аралығында 338 отбасы баспаналы болса, биыл 105 мұқтаж отбасын жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр.