Кеше D тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы 2-турда Гонконгты сенімді жеңіп (3-0), өз орнын нықтай түсті. Матч 25-16, 25-23, 25-17 есебімен аяқталды. Бұрнағы күні волейболшыларымыз Филиппин құрамасынан тай-брейкте басым түскен еді.
Бүгін отандастарымызды Қытай құрамасымен топтағы шешуші ойын күтіп тұр. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады, деп хабарлады МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.