Туризм • 01 Қыркүйек, 2023

Мемлекет басшысы елдегі туризм саласын сынға алды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында еліміздегі туризм саласының ақсап тұрғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы елдегі туризм саласын сынға алды

«Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді.

Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн»,  деді Мемлекет басшысы  Парламенттің бірлескен отырысында.