Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023

Ғылымға сүйенбесек ауыл шаруашылығы құрдымға кетеді – Президент

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін  Парламенттің бірлескен отырысында Қазақстан халқына  арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында ауыл шаруашылығын ғылымға сүйеніп дамытпаса, тоқырауға ұшырайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ғылымға сүйенбесек ауыл шаруашылығы құрдымға кетеді – Президент

tirshilik-tynysy.kz

«Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек», деді Президент.

Сондай-ақ ол шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек екенін айтты.

«Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз. Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн», деді Қ.Тоқаев.